Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы Биологиялық ғылымдар журналы

Авторлар үшін

Редакцияға мақалаларды жіберу авторлардың баспагерге, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, журналда мақалаларды жариялау және оларды кез келген шет тілінде қайта басып шығару құқығына келісімін білдіреді. Қолжазбаны редакцияға жолдай отырып, автор(-лар) ешкімнің авторлық құқықтарын бұзбайтынына кепілдік береді. Авторлар журналдың баспагеріне, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне, шексіз мерзімге айрықша құқықтар береді:

  • Шығарманы көбейту (жариялау, жария ету, көшіру, тираждау немесе басқа тәсілдермен көбейту) және кез келген тәсілмен тарату құқығы. Бұл ретте әрбір көшірмеде автор(-лар)дың аты көрсетіледі;
  • Шығарманы жинақтық туынды құрамына енгізу құқығы;
  • Қоғамға ашық қолжетімді ету құқығы;
  • Метадеректерді (атауы, автор(лар)дың аты-жөні, аннотация, библиографиялық деректер, толық мәтін және т.б.) пайдалану құқығы;
  • Шығармаларды тарату, жүйелеу және өңдеу арқылы, сондай-ақ әртүрлі деректер базалары мен ақпараттық жүйелерге, соның ішінде толық мәтінді нұсқаларын енгізу арқылы пайдалану құқығы.
  • Авторлар шығармаларды пайдалану аумағының шектелмейтінімен келіседі.
  • Автор(-лар) баспагерге өздерінің жеке деректерін (аты-жөні, білімі, жұмыс орны, лауазымы және т.б.) мерзімсіз сақтау және өңдеу құқығын береді. Жеке деректер әртүрлі деректер базалары мен ақпараттық жүйелерде сақтау, аналитикалық және статистикалық есептер жасау, сондай-ақ ғылым, әдебиет және өнер туындыларын жеке деректермен байланыстыру үшін пайдаланылады.
  • Автор(-лар) ғылыми мақалада зияткерлік меншік объектілерін және авторлық құқық объектілерін заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық жауап береді.
  • Автор(-лар) журнал баспагеріне шығарманы плагиатқа тексеруге келісім береді.
  • Автор(-лар) жіберілген жұмыс бұрын еш жерде жарияланбағанын, басқа басылымға жіберілмегенін және болашақта да жіберілмейтінін растайды.
  • Автор журналдың редакциялық саясатымен, оның ішінде журнал туралы жалпы ақпаратпен, мақалаларды қарау рәсімімен, авторларға арналған нұсқаулықпен және жариялау этикасымен таныс екенін растайды.

Ұсынылатын мақалаларға қойылатын талаптар. Мақала:

  • редакция талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс,
  • жіберу сәтінде басқа басылымда жарияланбаған және қаралу үстінде болмауы тиіс,
  • түпнұсқа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қамтуы тиіс,
  • тек автордың/авторлық ұжымның жұмысының нәтижелерін қамтуы тиіс (басқа тұлғаларды енгізуге жол берілмейді). Мақаланы жіберу сәтінде барлық авторлар осы журналда жариялауға келісетіні және авторлардың ретімен келтірілуіне қарсылық білдірмейтіні болжанады,
  • дәйексөздер тізімінде тек зерттеу барысында нақты пайдаланылған рецензияланатын дереккөздер болуы тиіс,
  • мақалада пайдаланылған барлық дереккөздер (соның ішінде автордың/авторлық ұжымның жұмыстары да) көрсетілуі тиіс.

Рецензенттер үшін:

Журналда жарияланатын мақалалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында қос «жасырын» рецензиялау рәсімі қолданылады. Рецензент үшін бағалау нысаны тек зерттеу нәтижелері болуы тиіс.

  • Рецензияға берілген әрбір қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады. Рецензент жіберілген қолжазбадағы материалдарды өз жарияланымдарында пайдалануға құқылы емес; рецензент материалды тек бас редактордың рұқсатымен үшінші тұлғаларға жібере алады;
  • Рецензент редакцияға жұмыстың объективті бағасын ұсынуы және қажет болған жағдайда жіберілген материалды жетілдіру бойынша ұсыныстар беруі тиіс;
  • Егер рецензент материал тақырыбы бойынша маман болмаса, ол бұл туралы редакцияны хабардар етіп, рецензиялаудан бас тартуы тиіс.

Редакторлар үшін:

Бас редактор мен редакциялық алқа мүшелері міндеттенеді:

  • мақалалардың сапалық құрамына ерекше назар аударуға, журнал редакциялық алқасының отырыстарына қатысуға, рецензенттердің шешімдерімен келісу немесе келіспеу туралы дәлелді пікір білдіруге және журнал нөмірлерінің мазмұнын айқындауға қатысуға,
  • авторлардың географиялық әртүрлілігін кеңейту бойынша жұмыс жүргізуге, әртүрлі ұйымдар мен елдерден мамандарды жарияланымға тартуға,
  • автордың/авторлық ұжымның жынысына, ұлтына, дініне және басқа да жеке қасиеттеріне қарамастан қолжазбалардың интеллектуалдық мазмұнын бағалауға,
  • авторлармен немесе ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен немесе өзге де қатынастардан туындайтын мүдделер қақтығысы болған жағдайда қолжазбаларды қарастырмауға.

Бас редактор (бас редактордың міндеттерін белгілі бір жағдайларда бас редактордың орынбасары орындайды – іссапар, күтпеген жағдайлар және т.б.):

  • алғашқы техникалық талаптарға сәйкестігінен өткен әрбір мақала бойынша тиісті саладағы рецензенттерді (ғалымдарды немесе мамандарды) анықтайды,
  • рецензенттердің пікірлері мен редакциялық алқа отырысында талқылау негізінде ағымдағы нөмірдің мазмұнын айқындап, ұсынылған материалды жариялау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.

Редакция:

Журнал редакциясы мақалалардың авторларымен тікелей жұмыс істейді және авторларға ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялауға қызмет көрсететін агенттіктермен жұмыс істемейді.

Редакция авторлар, редакторлар және рецензенттер тарапынан этикалық емес мінез-құлық анықталған жағдайда қысқа мерзімде шешім қабылдауға міндеттенеді. Авторлардың этикалық емес әрекеттеріне авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, оларды қолдан жасау және фальсификациялау, дәйексөздермен манипуляция жасау, заңсыз иемдену (плагиат), материалды басқа басылымдарға қатар ұсыну жатады.

Рукопись қарастырылу немесе баспаға дейінгі дайындық кезеңінде автордың(лардың) этикалық емес әрекеті анықталған жағдайда редакция оны әрі қарай қарастырудан алып тастауға және авторлармен ынтымақтастықты тоқтатуға құқылы. Мақала жарияланғаннан кейін автордың этикалық емес әрекеті анықталған жағдайда (қатар жариялау, авторлық құқықты бұзу, плагиат және т.б.), редакция мақаланы журнал сайтынан және ғылыми индекстеу мен архивтеу базаларынан алып тастау (ретракция) туралы шешім қабылдай алады және басқа журналдарға (мақала қатар жарияланған болса) автордың(лардың) этикалық емес әрекеті туралы хабарлауға құқылы.

Редакция негізсіз жарияланымды жою (ретракция) шешімдерін қабылдамауға міндеттенеді, егер жарияланымға байланысты тек елеулі проблемалар (автордың этикалық емес әрекеті) анықталмаса.

Рецензенттер мен журнал редакторларының этикалық емес мінез-құлқына авторлардың келісімінсіз мақалаларды басқа журналдарға беру, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға тапсыру, авторлық құқықты бұзу, редакциялық процестердің құпиялылық принципін бұзу, сондай-ақ авторлармен және рукопиське байланысты ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен немесе өзге де қатынастар мен мүдделер салдарынан материалдарды қолдау жатады.

Қарастырылған рукописьтерге немесе жарияланған материалдарға қатысты шағымдар түскен жағдайда редакциялық алқа тиісті шаралар қабылдайды: алдымен мақала авторынан түсініктеме сұралады. Тексеру тек автордың қанағаттанарлықсыз жауабы алынған жағдайда ғана жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілмеген авторлар, редакторлар және рецензенттер этика нормаларын бұзудың ықтимал жағдайлары Ғылыми жарияланымдар этикасы жөніндегі комитеттің (Committee on Publication Ethics: COPE) басшылық қағидаларына сәйкес шешіледі.

Редакция бас редакторға, редакциялық алқа мүшелеріне және рецензенттерге журналда жариялануға мүмкіндік береді, бірақ олар өз лауазымын пайдалана алмайды. Барлық мақалалар, соның ішінде арнайы шығарылымдардың жауапты редакторларының мақалалары да рецензиялау рәсімінен өтеді және журналдың редакциялық алқасының отырысында қарастырылады.

Жарияланған мақалаларда өрескел қателер (формуладағы, көрсеткіштердегі техникалық қателіктер) анықталған жағдайда түзетулер туралы ақпарат келесі сандарда жариялануы мүмкін.

Форматтау және үлгілер

Мақалаларды Word форматында жіберуге болады. Жұмысыңызды дайындауға көмектесу үшін біз форматтау үлгілерін ұсынамыз.

Мақаланы рәсімдеу үшін осы ҮЛГІНІ қолданыңыз.

Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үшін сондай-ақ https://www.mendeley.com/features/ құралын қолдануға болады.

Сонымен қатар, мақаланы жариялау үшін ілеспе хатты дайындау қажет. Осы жерге ілеспе хаттың электрондық нұсқасының сілтемесін қойыңыз.

Егер сіз сілтемелер арқылы берілген үлгіні пайдалана алмасаңыз (немесе үлгіге қатысты басқа сұраныстарыңыз болса), journal_of_biology@mail.ru мекенжайына хабарласыңыз.

Жариялау жарналары

Назар аударыңыз, осы рецензияланатын ғылыми журналда мақала жариялау үшін өңдеу ақысы (APC) 5000 теңге құрайды. Бұл төлем рукопись қабылданған кезде алынады және ашық қолжетімді KIJGE журналында жариялау мен редакциялау шығындарын жабады. Бағаға мыналар кіреді: мақаланы жариялау ақысы, DOI нөмірін беру, авторларды Crossref дерекқорында тіркеу.

Төлем

Төлем Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің банктік деректемелеріне ақша аудару арқылы НЕМЕСЕ Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің банктік деректемелеріне «мақаланы жариялау үшін» деген белгімен ақша аудару арқылы төлем:

Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті»

БИН 031 240 004 969

Банк ЦентрКредит АҚ

Есепшот: KZ178560000000086696

KBE 16

Банк BIC: KCJBKZKX

  1. Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы төлем:

Төлемдер

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Институт (қызметкерлерге/басқа тұлғаларға төлем)

Курс (қызметкерлерге/басқа тұлғаларға төлем)

Төлем түрі (мақаланы жариялау)

Комментарийде «Мақаланы жариялау үшін төлем» деп көрсетіңіз.

Төлем квитанциясын журналдың электрондық поштасына жіберу қажет: journal_of_biology@mail.ru