Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Abai Journal of Biological Sciences

ТҰРАҚТЫ БИОТЕХНОЛОГИЯ: ФЕРМЕНТТЕЛГЕН КЕБЕК НЕГІЗІНДЕГІ ПРОБИОТИКТЕРДІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ

28

8

Аңдатпа

Бұл мақалада ферменттелген кебекке негізделген пробиотикалық жүйелерді алудың экологиялық қауіпсіз және биотехнологиялық тиімді әдістері қарастырылады. Микробиологиялық ферментация процестері күрделі органикалық субстраттардың биохимиялық түрленуіне және жоғары белсенді пробиотикалық консорциумдардың қалыптасуына мүмкіндік береді. Ферментация барысында субстраттың химиялық құрамы өзгеріп, биобелсенді метаболиттердің мөлшері артады, ал сүтқышқылды бактериялардың ферментативтік, антагонистік және бейімделгіш қасиеттері күшейеді. Сонымен қатар, алынған пробиотикалық жүйелердің микробиотаға әсер ету механизмдері, оның ішінде микробтық тепе-теңдікті реттеу және биоқорғаныштық әсерлер қарастырылады. Зерттеу нәтижелері мұндай биотехнологиялық өнімдердің функционалдық әлеуеті жоғары екенін және микробиологиялық биотехнология саласында жаңа бағыттарды дамытуға негіз бола алатынын көрсетеді. Бұл тәсіл тұрақты және тиімді пробиотикалық биожүйелерді әзірлеуге мүмкіндік береді.

pdf