Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Abai Journal of Biological Sciences

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДА БИДАЙ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ҚАТТЫ ҚАРА КҮЙЕ (Tilletia caries (DC.) Tul) АУРУЫНА ТӨЗІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ

21

5

Аңдатпа

Бидай дақылының аса қауіпті саңырауқұлақ ауруларының бірі қатты қара күйе (Tilletia caries (DC.) Tul). Егіс алқабында қатты қара күйенің телиоспоралары бидай дәнінің эндосперімінің орнына пайда болып, сау масақтың ішінен байқалмай тұрады. Tilletia caries (DC.) Tul патогені эпифитотия жылдары егіс алқабында астықтың сапасын төмендетуімен қатар, оны толықтай жарамсыз етеді. Қатты қара күйе ауруының алдын алу үшін тұқымды химиялық өңдеуге болады, бірақ химиялық препараттарды шамадан тыс қолдану қоршаған ортаға зиян тигізеді. Сондықтан қатты қара күйемен күресудің ең тиімді жолы  шаруашылыққа төзімді сорттарды енгізу. Қазіргі таңда органикалық шаруашылықтың дамуына байланысты әртүрлі химиялық препараттардың орнына саңырауқұлақ ауруларымен күресі үшін  органикалық өнім ретінде төзімді сорттарды пайдалану өзекті мәселе болып саналады. Зерттеу жұмысының мақсаты Алматы облысының қатты қара күйе популяциясына румыниялық бидай үлгілерінің төзімділігін сынау. Зерттеу нысаны ретінде румыниялық бидайлардың 10 үлгісі алынды. Ауруға төзімсіз стандарт ретінде Богарная 56 сорты қолданылды. Зерттеу нәтижесінде ауруға төзімді деп 9 бидай сорты ерекшеленді. Олар: F07270G2, F08034G1, F08245G1, F08126G1, F06393GP10, F08347G8, F06659G-1, RETEZAT және PARTENER. Өсімдіктердің биомасса индекс көрсеткішін (NDVI) анықтау барысында 2 үлгінің биомассасы жоғары деп танылды. Құрылымдық  белгілеріне талдау барысында F08347G8, PARTENER және F08245G1 үлгілері  өнімділік көрсеткіштері бойынша жоғары деп бағаланды. Жасанды індеттік ортада қатты қара күйеге төзімді болған және өнімділік көрсеткіштері жоғары болған бидай үлгілерін селекция бағдарламасына Tilletia caries (D.C.) Tul патогеніне төзімді донор ретінде енгізуге болады. 

pdf