Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Abai Journal of Biological Sciences

Макрофагтардың эксперименттік құрсақ қуысының жабысу процесі кезіндегі морфофункционалдық ерекшеліктері

27

6

Аңдатпа

Құрсақ қуысының жабысу процесі — қабыну реакцияларымен, жасушалық белсенділіктің өзгеруімен және дәнекер тіннің қайта құрылуымен сипатталатын күрделі биологиялық құбылыс. Бұл процестерде туа біткен иммунитет жасушалары болып табылатын макрофагтар маңызды рөл атқарады, олар қабынуды реттеуге, фагоцитозға және тіндердің регенерациясына қатысады. Осы әдеби шолудың мақсаты — макрофагтардың функционалдық белсенділігі және олардың жабысу процесінің патогенезіндегі рөлін қазіргі ғылыми деректер негізінде талдау. Макрофагтардың белсену механизмдері, олардың фенотиптік дифференциациясының ерекшеліктері, сондай-ақ цитокиндер мен өсу факторларының дәнекер тін құрылымдарының түзілуіне әсері қарастырылған. Әдебиеттерді талдау макрофагтардың қабыну, фиброз және тіндердің қалпына келу процестерін реттейтін жасушалық микроортақтың маңызды компоненті екенін көрсетеді.

pdf (Russian)